Ұcтаздық жолымдағы алғашқы қадамым жатақханада тұрып жатқан, болашақ маман иелерімен танысу болды. Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледж студенттерінің алғашқы өмірімен жағдайын байқау болды. Менің мақсатым балалардың ойларын сергітіп қуанту болды. Жатақханада тұрып жатқан студенттерді жинап «Бақытқа бөленейік» атты тренинг-ойындар өткіздім. «Шыңырау» атты тренингімде балалардың шыдамдылығын және бір-біріне деген сенімділігі мол екенін білдім. Келесі «Егер де мен » ойынында: Мақсат Егерде мен Астанаға барсам Бәйтеректің алдына суретке түсер едім деді, ал Мағжан Егерде мен Астанаға барсам Бәйтеректің алдына суретке түсіп инстаграмға салар едім деді, ал Бақдалет болса Егерде мен Астанаға барсам Бәйтеректің алдына суретке түсіп инстаграмға салсам сол жерде көп қылып лайк жинасам деді.Осылай келесі балаларда өз ойларын жалғастырып кетті. Бұл ойында балалардың тіл шеберліктерін, олардың ойлау қабілеттерін байқадым. Бұл күнгі тренинг ойындарда балалардың бір-бірімен танысып, қуанышқа бөленгенін қалалдым.Балалар келесіде басқа да мұғалімдердің тренинг ойындар жүргізгенін қалады. Менің басты мақсатым балаларды қуантып, сол балалардың көңілінен шығу болатын. Мен мақсатыма жеттім.
Бекназар А.Б.