АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 04 Мамыр 2018 04:27

«Ерлер-жердің қорғаны, елдің тұтқасы» атты жауынгерлік турнир

2018 жылдың 3-ші мамыр күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 7 мамыр-Отан қорғаушылар күніне орай өткізілген «Ерлер-жердің қорғаны, елдің тұтқасы» атты жауынгерлік турнирге ӨҚ-11Б тобының білім алушылары қатысты. Турнирде ми шабуылы, топтық жұмыс, сұрақ-жауап сияқты белсенді әдістер қолданылды, бүгінгі таңдағы өзекті мәселелер мен сұрақтар талқыланды, қатысушылар өз пікірлерімен алмасты.