27-29-шы ақпан аралығында «Қайрат» қазақ күрес залында өтінім бойынша Қазақ күресінен «Көкшетау барысы» атты қалалық турнирі өтті. Турнирдің мақсаты:
Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауын жүзеге асыру;
Қазақ күресін облысымызда дамыту;
Қазақ күресі арқылы салауатты өмірді насихаттау;
Жастарда қазақ күресі арқылы отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру;
Ақмола барысына іріктеме;
Бұл турнирге колледждер, жоғары оқу орындары жеке ұйымдар және т.б. қатысып, кадеттер(2003-2004ж), жасөспірімдер(2001-2002ж), жастар және ересектер(2000ж жоғары) салмақ дәрежесі бойынша балуандар жақсы күрес көрсете білді. Бұл жарыс өте тартысты, белсенді және жоғары деңгейде өтті.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледж студенттері өздерінің дайындықтарын және өжеттіліктерін ашық және айқын көрсетті.
Жасөспірімдер арасында 51 келі салмақ дәрежесінде 1-ші орынға ӨҚ-21А тобының студенті Орынбай Әлихан ие болып сол салмақта «Көкшетау барысы» атанды. 57 келі салмақ дәрежесінде 3орынға ӨҚ-21А тобының студенті Тұрсынбеков Ақниет ие болды. Жастар арасында 55 келі салмақ дәрежесінде 2-ші орынды ДТ-21С тобының студенті Мәди Жангелді иеленді, 3-ші орынның иегері ТЖ-11Б тобының студенті Сейткожин Баглан атанды. Біздің балуандарымыз бұл турнирде өздерін тек жақсы жағынан көрсете білді.
Әдікен Мейірбек Маралбекұлы