АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 28 Сәуір 2018 03:58

Қазақстан халқының бірлігі күні!

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні. Айтулы мереке Елбасымыздың 1996 жылы қабылдаған Жарлығы бойынша жиырма екі жылдан бері тойланып келеді. 100-ге жуық түрлі ұлт өкілдері мен ұлыстары тату-тәтті тұратын еліміз үшін даталы күннің маңызы зор. Бұл мерекені тойлауда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің білім алушылары да шет қалмады.

Бірінші курс білім алушылары түрлі ұлт өкілдерінің: украиндер, немістер, тәжіктер, ұйғырлар, татарлар, өзбектер, испандар тілінде ән шырқап, би билеп, тақпақ айтып сахнада өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсете алды.

Касимова М.Д., Елемесова Д.Г., Бекжанова М.Е.