АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 17 Сәуір 2018 05:43

«Қозы Көрпеш және Баян Сұлу» ғашықтар күні

2018 жылдың 13 сәуірінде АҚЖКК-де ғашық жүректерге шуақ сыйлайтын мерейлі мереке «Қозы Көрпеш-Баян сұлу – ғашықтар күніне»  арналған сайыс өткізілді. Сайысқа ФК-12, УиА-12, ПБ-12Б, ДОВ-12, ӨҚ-21А, МДО-11, ПБ-12А, ӨҚ-11Б, ТЖ-11Б, НОО-22, ЧС-12А, ДТ-11,ЧС-12Б, ЖББ-21, ӨҚ-31Б, ЖББ-11, ТЖ-11А, ҚТ-21 топ білім алушылары белсенді қатысып, өз өнерлерін жан-жақты көрсетті.

Сайыс презентация арқылы өзін таныстыру, «Жұпты анықтау», «Махаббат мүсіні», «Шағын шығарма», «Махаббат портреті», «Би сайысы», «Сый - тарту» тәрізді жеті кезеңнен тұрды. Мерекелік сайыстың мақсаты - Махаббат деген ұлы сезімнің қақпасын ашқан әрбір жас, жүрекке жол тапқан пәк, адал махаббаттың кілтін жоғалтып алмай, бағалай білудің маңызын түсіну болды.

Білім алушылар аты аңызға айналған әдеби романтикалық кейіпкерлердің бейнесінде жұптасып өнер көрсетіп, ой ұшқырлығы, сөз саптау шеберлігі, би және вокалдық қабілеттерін көрмермендерге  паш етті. Сайыскерлердің өнерін әділ қазылар бағалап, түрлі номинациядағы мадақтамалармен марапаттады.

Рахметова Р.З.

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp