«Ұлыстың ұлы күні» наурыз мерекесі қарсаңында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы коледжінде дәстүрге айналған үлкен мерекелік той өтті. Іс-шарада халқымыздың ғасырлар бойы сөнбей, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан жөн-жоралғылары мен салт-дәстүрлері жаңғыртылып, жастарға үлгі өнеге болсын деген ниетте, театрландырылған көрініс ретінде көрсетілді. Іс-шара шымылдығын көктем мен бірге түлеп бірге жаңаратын «Жер-Ананың» оянуын бейнелейтін пролог ашты. Халқымыздың ғұрпына сай бата айтылды. Аталған іс-шара наурыз дүйім жұрттың ұлы тойы болғандықтан коледждің ӨҚ-21 А,Б,С, ӨҚ-31А, ТЖ-11С, ЖББ-11 тобы білім алушылары жастардың жиналған бастаңғысы түрінде ұйымдастырып өткізді.
Оқытушылық құрам мен білім алушы жастарды наурыз мерекесімен колледждің вице-президенті Кривошеев Валерий Павлович құттықтады.
Наурыз мерекесіне арнайы дайындалған Бауыржанның орындауында «Қазақ осы» әні, Арманның шертуіндегі «Сарыарқа» күйі, ұлдардың орындауындағы «Қара жорға» биі жиналғандарды серпілтіп тастады. Сонымен қатар қазақтың көнеден келе жатқан қонақжайлығының бір бейнесі ретінде «Шапан жабар» жоралғысы жасалды.
Ұлыстың ұлы күні наурыздың 21-нен 22-не қараған түні мейрамның ұлттық бейнесін айшықтайтын жігіттердің қыздарға жасайтын сыйлығы «Селт еткізерді» Ислам мен Еламан жұмбақтар шешу арқылы көрермендерге ұсынды. Тойға арнайы қонақ болып келген колледж оқытушыларынан тұратын «Әжелер ансамблі» шашу шашып, ауылдың алты ауызын шырқады.
Аталған наурыз тойы аудиторияларда арнайы дайындалған санымызды жаңартып, рухани жаңғыруға бастама болатын оқытушылар мен білім алушалардың дайындаған дәстүр-салттарымен жалғасын тапты. Көрсетілген салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар: «Біз шаншар», «Бата беру», «Ат қою», «Тұсау кесу», «Қырқынан шығару», «Сырға салу», «Бесікке салу», «Бет ашар».
Екінші бөлімді өнерімен ерекше көзге түскен белсенді білім алушылар мен мақтанышымыз спортшы жастарды марапаттау мен премиялау арқылы коледждің басқарушы директоры Қасым Жаннет Жанатовна мен колледж директоры Тюлебаев Аскербек Жамантаевич қортындылады.
Іс-шараға жауапты болып өткізген кураторлар Аяған А.Қ. пен Тойлыбаева Ұ.О.