Қыз баланы көркем мінез, талғампаздық, тапқырлыққа тәрбиелеу, халқымыздың ұлттық салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын насихаттау, қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу, жасөспірімдерді қоғамдық көпшілік шараға белсенді ат салысуға баулу, қазақ қызының оң имиджін қалыптастыру мақсатында 2018 жылдың 19 наурызында Көкшетау қаласының мәдениет және тілдер дамыту бөлімі Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай ұйымдастырған қыздар арасындағы қалалық «Наурыз аруы» байқауы өтті. Байқау өзін-өзі таныстыру, халқымыздың салт-дәстүрі, «Көктем сәні» тақырыбында сәндік киім көрсету, әдет-ғұрпына қатысты сұрақтарға жауап-беру, шығармашылық өнерін көрсету атты төрт кезеңнен тұрды.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің оқытушылары Г.Е.Ибраева, М.Е.Бекжанова дайындаған «Құқықтану» мамандығының 2 курс білім алушысы Камидоллина Аяулым сайыстың барлық сұрақтарына жан-жақты ұтымды жауап беруде өзінің терең білімін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша ІІ орынды иеленіп, Диплом және бағалы сыйлықпен марапатталды. Сайыстың ІІ кезеңі «Көктем сәні» тақырыбындағы сәндік киім көрсетуде колледж дизайнері Р.Е.Аминовтың әзірлеген «Көктем шуағы» атты сәндік киімі ерекше сәнді көрінді. Сондай-ақ колледжіміздің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс білім алушысы Серікжан Сұңқар «Парасатты ару» номинациясы бойынша Диплом және бағалы сыйлықпен марапатталды.
Сайыс жоғары деңгейде өтіп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Ибраева Г.Е., Бекжанова М.Е.