АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 05 Наурыз 2018 09:52

«ХІҮ-ХҮ ғғ Қазақстан аумағындағы мемлекеттер» атты ашық сабақ

2018 жылдың 5 наурызында Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінде тарих пәнінің оқытушысы Аскарова Асель Корганбековна ӨҚ-11 А тобымен «ХІҮ-ХҮ ғғ Қазақстан аумағындағы мемлекеттер» атты ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында білім алушылардың жас ерекшеліктеріне және оқу қабілеттеріне сай тапсырмалар беріліп, білім алушылар өздерінің пән бойынша білім деңгейлерінің жоғары дәрежеде екендігін дәлелдеп берді. Сабақта жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлері, РАФТ әдісі бойынша хат жазу, SWOTталдау, Ассациограмма, Шығыс бума құжаттары тапсырмалары қолданылды. Оқытушы мен білім алушылар критериалды бағалаудың формативті   «Екі жұлдыз, бір тілек», лайк-дизлайк, қол шапалақ түрлерімен бірін-бірі бағалады. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті. Сабақ соңында  «Мен үшін бүгін қызық болды...», «Мен үшін бүгін қиын болды...», «Сабақ туралы өз ойым...» рефлексия өткізілді.

Аскарова А.К.