Халықаралық Азаматтық қорғаныс күніне байланысты, сондай-ақ құтқарушы мамандықты танымал ету мақсатында 2018 жылдың 23 ақпанында Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі төтенше жағдайлар комитеті Ақмола облысы төтенше жағдайлар Департаментінің жедел құтқару жасағы ММ Көкшетау қаласы құтқару бөлімшесінің аумағында, қалалық жағажайдың бақылау алаңында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің 3-ші курс білім алушыларына (ТЖ-31, ТЖ-31С, ЧС-32, ЧС-32С) практикалық жаттығулар көрсетілді.
Колледж білім алушылары авариялық-құтқару жабдықтарының тактикалық-техникалық сипаттамаларымен, құтқарушының су астына сүңгуі әдістемесімен танысты. Құтқарушылар кинологиялық жұмысының ұйымдастырылуын, авариялық-құтқару құралдарының жұмыс істеу принциптерін көрсетті.
Өткізілген іс-шара білім алушылардың теориялық білімдерді мен практикалық дағдыларын бекітуге оңтайлы әсерін тигізді, таңдаған құтқарушы мамандығына қызығушылығын оятты.
Иманжанова Л.М.