АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 20 Ақпан 2018 08:43

Жаратылыстану-математика пәндері және ақпартық жүйе пәндер цикл комиссияның апталығы «ХХІ ғасыр нақты- ғылымдар дәуірі» тақырыбында өткізілді

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасында рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі деп айтылған. Қазіргі таңда білім бағдарламаларының елімізге ұтымды үлес қосып келе жатқанын айта келіп, табыс тізгіні – білімді болашақ жастардың қолында екеніне баса назар аударды. Осыған сәйкес Жаратылыстану-математика пәндері және ақпартық жүйе пәндер цикл комиссияның  апталығы жылдағы жоспар бойынша 2018 жылдың 12 ақпан мен 16 ақпан аралығында «ХХІ ғасыр нақты- ғылымдар дәуірі» тақырыбында «Жаратылыстану және математика пәнімен жаратылған ғылыми дүниетаным тек қазіргі заманның ғана емес, болашақтың да зор күші болып табылады» ұранымен  өткізілді.

Аптаның алғашқы күні апталықтың жоспары көпшілік назарына ұсынылды.

Жоспар бойынша ашық сабақтар «Применение электронных таблиц MS Excel для расчетов» Сатиева С.М,  «Обьем цилиндра и конуса» Алпысбаева Р.К, «Микроорганизмы как обьекты биотехнологии их селекции» Смирнова Н.С, «Термодинамиканың бірінші бастамасы. Термодинамиканың бірінші бастамасын түрлі жылулық процесстерге қолдану» Сарсенбаева Р.А,  «Автоматтандырылған байланыс жүйелері» Иманжанова Л.М оқытудың жаңа формасы негізінде жүргізілді.

Сыныптан тыс-іс шараларда  Тойлыбаева У.О, Шайкенова У.О, Кайнетов А.С, Касымбаев А.Т, Агибаева Г.Т Нугманова А.Б, Аипова О.Ф, Данилова Н.В, Садуов Б.К, Емельянова О.М оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, білімалушылардың білімге деген, нақты ғылымдарға деген қызығушылықтарын арттырып, ізденістері мен танымдарын қалыптастыру, жан-жақты жетілдіру, өз беттерінше шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру қабілеттерін дамыту болды. Ал  жас мамандармен өткізілген семинар «Уверенный шаг в будущее» және «Эффективные методы преподавания»  тартымды және қызықты өтті. Семинарды ұйымдастырған Рахметова Р.З. Нурбикенова Г.Ж. и  Смирнова Н.С,  Нурсеитова Р.З ., Хамзина С.Х., Данилова Н.В., Сарсенбаева  Р.А. и  Алпысбаева  Р.А. бірінші және жоғары санатты ұстаздар.

Соңғы күні апталықтың қорытындысы өткізілді. Сайыстардың жеңімпаздары, жас мамандар  арнайы  сертификаттармен және грамоталармен марапатталды. Қорыта келе айтарым, ұстаз- жас ұрпақтың рухани сәулеткері және қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Ұстаз – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp