16 ақпан күні М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық кітапханасында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Алаш ардақтылары» атты еске алу кешіне ӨҚ- 11б тобының білім алушылары қатысты. Кешке қатысушылар: Ақмола облыстық сотының қызметкерлері, ардагерлер, тарихшылар, ғалымдар, Көкшетау қаласының оқу орындарының білім алушылары, БАҚ өкілдері. Кештің негізгі мақсаты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау, Алаш зиялыларының рухына тағзым ету, олардың еңбектерімен, кітапхана қорымен таныстыру. Іс шара барысында білім алушылар «Рухани жаңғыру» залымен, «Мобильді кітапханамен» танысты, Мағжан Жұмабаев туралы бейнебаянды тамашалады, ақын жайында естелік баяндамалар оқылды, Мағжан ақынның әндері орындалды.
ӨҚ11-б тобының жетекшісі Кайданова Б.Д