Қаймықпастан қарсы тұрған өлімге,
Асқақ рухы қалықтайды көгімде.
Елді сүйген ерлігімен ерекше,
Өнегелі із қалдырдың өмірге.
Таусылғанмен фәнидегі тынысың,
Тарихқа тұлға болған ірісің.
Таптатпаған тобырларға намысын,
Өлген жоқсың, халқың барда тірісің.
Жүрегіңде тұнып тұрған қасиет,
Ерлік ісің ұрпағыңа өсиет.
Өзіңдей қаһарманға қайыспас
Бүгінгі жас алғыс айтып, бас иеді.
Ауғанстан туралы көптеген тамаша кітаптар жазылып,көптеген кинофильмдер түсірілді.Сол сұрапыл соғыс өтіп кеткеніне көп уақыт өтті.Бірақ әлі күнге дейін сол соғыста қаза тапқандар үшін жүрегімізде ауыр сыз сезіледі.Уақыттың өз есі бар,ол –тарих.
2018 жылдың 16 ақпанында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде сыныптан тыс Ауған соғысының аяқталуына 29 жыл толуына орай «Ауғанстан - жүрек жарасы» атты іс-шара өткізілді.Бұл іс-шараның мақсаты: Тәуелсіздік жолында күрескен аға-апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлге ете отырып,оқушыларды ұлтжандылыққа,отанын сүюге тәрбиелеу.
Бұл іс-шараға осындай топтар қатысты: УиА-12С,22, ПВ-22, ИС-22, НОО-22, ҚТ-21,11С.
Кайникенова А.Б., Ержанова А.Б., Бекжанова М.Е.