Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Заң және тәртіп» бағыты аясында және «Адал еңбек. Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасына сәйкес профилактикалық кездесу өтті.
Іс-шараға колледж қызметкерлері, Көкшетау қаласы Полиция басқармасының Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілдері және прокуратура қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында есірткі қылмысының алдын алу, есірткі құралдарының заңсыз айналымының зардаптары, сондай-ақ мұндай құқық бұзушылықтар үшін заңнамада көзделген қылмыстық жауапкершілік мәселелері қарастырылды.
Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, өз болашағына жауапкершілікпен қарауға және саналы таңдау жасауға ерекше назар аударылды.


