АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 25 Қараша 2026 10:34

«Заң мен тәртіп»

            2026 жылғы 24 қарашада Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің білім алушылары Көкшетау қаласының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған «Заң және тәртіп» бағыты аясындағы ақпараттық-түсіндіру дәрісіне қатысты.

            Іс-шара «Достар» мәдениет үйінде өтіп, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңнама талаптарын сақтауға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және білім алушылар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталды.

            Дәріс барысында қатысушылар заңдылық, құқықтық тәртіп және әрбір азаматтың өз іс-әрекеті үшін жауапкершілігі мәселелеріне назар аударды.

            Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілікті тәрбиелеуге және заңға құрметпен қарауға ықпал етеді.