АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 25 Қараша 2026 10:28

Деректі фильм

            2026 жылғы 24 қарашада Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде мемлекетке заңсыз иемденілген активтерді қайтару мәселелеріне арналған «Қайтарылған болашақ» атты деректі фильм көрсетілді.

            Фильмді көру барысында білім алушылар мемлекеттік мүдделерді қорғау, заңсыз шығарылған активтерді қайтару және оларды одан әрі қоғам игілігіне пайдалану мәселелерімен танысты.

            Іс-шараның мақсаты – құқықтық сауаттылықты арттыру, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, сондай-ақ әділдік, заңдылық және ашықтық қағидаттарының маңыздылығын түсіндіру.