АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 23 Қараша 2026 10:11

Семинар

            2026 жылғы 18 қарашада АҚЖКК Педагогикалық пәндер кафедрасында «Педагогикалық практика бойынша қадамдық нұсқаулық – кәсіби жолдағы сенімді бастама» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараға РЛ-32, ИН-12 және РЛ-22 топтарының білім алушылары қатысты.

            Семинардың негізгі мақсаты – білім алушыларды алдағы оқу-тәрбие практикасына дайындау, алғашқы сабақтарын өткізу алдында өздеріне деген сенімділігін қалыптастыру және білім беру ұйымдарындағы жұмысқа қатысты негізгі ұйымдастырушылық мәселелермен таныстыру.

            РЛ-32 тобының 3-курс білім алушылары педагогикалық практикадан өту барысында жинақтаған тәжірибелерімен бөлісіп, кездесуі мүмкін қиындықтар туралы айтып, болашақ әріптестеріне практикалық кеңестер берді.

            Кездесу барысында қатысушылар практиканың сәтті басталуына негіз болатын негізгі кезеңдерді талқылады. Атап айтқанда, оқытушының сыртқы келбетіне қойылатын талаптар, тәлімгерлермен және сынып жетекшілерімен өзара қарым-қатынас орнату ерекшеліктері, білім алушылармен танысудың тиімді тәсілдері мен педагогикалық байланыс орнату жолдары қарастырылды. Сондай-ақ оқу-тәрбие практикасы күнделігін жүргізуге, құжаттаманы дұрыс рәсімдеуге, сабақтарды талдауға және есептік құжаттарды дайындауға ерекше назар аударылды.