АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 20 Қараша 2026 10:08

Форум

            Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде отбасы құндылықтары, тәрбие және ұрпақтар арасындағы қарым-қатынас мәселелеріне арналған «Отбасылық мәселелерді қоғамдық диалог арқылы шешу: өзара түсіністіктен нақты шешімге» атты форум өтті.

            Іс-шара «Шабыт» жобасы және «Адал азамат», «Адал еңбек» тәрбие тұжырымдамалары аясында ұйымдастырылды. Форумның ерекшелігі – білім алушылар дайындаған алты театрландырылған қойылымның ұсынылуы болды. Қойылымдарда отбасылық жанжалдар, өзара түсіністік, ата-ананың қолдауы, буллинг және бала тәрбиесіндегі жауапкершілік сияқты маңызды әлеуметтік мәселелер көтерілді.

            Іс-шара барысында шақырылған спикерлер маңызды рөл атқарды. Олар білім алушылармен ашық диалог аясында кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп қана қоймай, театрландырылған қойылымдарды бағалай отырып, қазылар алқасының мүшелері ретінде де қатысты.

            Қазылар алқасының құрамы:

  • Закирьянов Ерлан Жакимович – Ақмола облыстық «Әкелер одағы» филиалының төрағасы;
  • Джумабекова Куралай Губдулгамаровна – Ақмола облысы әкімінің отбасы және әйелдер мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, «Ана үйі» ресурстық орталығының үйлестірушісі;
  • Ильясова Самал Ибраевна – кәсіби медиатор;
  • Красноштанова Ольга Владимировна – ата-аналар комитетінің төрайымы, орыс драма театрының жоғары санатты актрисасы;
  • Гасыбекова Елена Сергеевна – «Аналар алқасы» төрағасының орынбасары.

            Форум қорытындысы бойынша отбасылық қолайсыздықтың алдын алу, отбасы құндылықтарын нығайту және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру жөніндегі ұсыныстар қамтылған қарар жобасы әзірленді.