2026 жылғы 19 қарашада Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің кітапханасында Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақ ПЕН-клубының және Poets International Pen Club (PIPC) мүшесі, ақын, жазушы Бауыржан Қарағызұлының қатысуымен «Жүректен шыққан жыр. Көңілге жеткен сыр» атты әдеби-мәдени кеш өтті.
Іс-шара Мемлекет басшысының «Кітап оқитын ұлт» бастамасы аясында ұйымдастырылып, жастар арасында кітап оқуды насихаттауға, ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға және білім алушыларды рухани құндылықтарға баулуға бағытталды.
Кездесу барысында қатысушылар автордың шығармашылығымен жақынырақ танысып, поэзия мен әдебиет әлеміне бойлады, сондай-ақ кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы ой бөлісті. Мұндай кездесулер оқу мәдениетін дамытуға, жастардың ой-өрісін кеңейтуге және рухани бай тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді.


