АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 18 Қараша 2026 09:49

«Студенттер қатарына қабылдау» рәсімі

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде дәстүрлі «Студенттер қатарына қабылдау» рәсімі өтті.

            Іс-шараның ең маңызды әрі ерекше сәттерінің бірі – «Білім» кілті мен студенттік билетті табыстау рәсімі болды. Бұл құрметті міндет бірінші курс білім алушысы Қасен Әселге сеніп тапсырылды. Ол студенттік өмірдің жаңа кезеңінің басталуын бейнеледі.

            Мерекелік шараның сәнін колледж белсенділерінің жарқын би және музыкалық өнер көрсетулері келтіріп, қонақтар мен қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.

            Бірінші курс білім алушылары үшін бұл күн білімге, жаңалықтарға, достық пен жетістіктерге толы өмірдің жаңа парағын ашқан маңызды оқиға болды.

            Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің барлық бірінші курс білім алушыларын студент атануларымен құттықтаймыз!