АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 16 Қараша 2026 04:29

«Теңге – қаржы әлемінде: қаржылық квест»

            2026 жылғы 16 қарашада Ұлттық валюта күніне орай Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде қатысушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Теңге – қаржы әлемінде: қаржылық квест» атты танымдық-интерактивті іс-шара өткізілді.

            Іс-шараға оқытушылар мен білім алушылар қатысып, командаларға бірігіп, бірнеше тақырыптық кезең бойынша бақ сынады. Қатысушылар қаржылық жоспарлау, жеке бюджетті басқару, несие алу және қаржылық алаяқтықтан қорғану салаларындағы білімдерін тексерді. Интерактивті тапсырмалар барысында командалар өмірлік жағдаяттарды талдап, қаржылық есептерді шешіп, тәуекелдерді бағалауды және негізделген шешімдер қабылдауды үйренді. Іс-шараны оқытушылар – Ильясова Самал Ибраевна мен Гирьева Анжелика Дмитривена жүргізді.

            Квест қорытындысы бойынша нәтижелер шығарылып, белсенділік танытқан командалар ерекше атап өтілді. Қатысушылар күнделікті өмірде қолдануға және өз білім алушыларына үйретуге болатын пайдалы білім мен практикалық ұсыныстар алды.