2026 жылғы 13 қарашада АҚЖКК Педагогикалық пәндер кафедрасының Педагогикалық шеберлік құзыреттілік орталығында шығармашылық іс-шара – «Филологический капустник» өтті.
Іс-шараның басты тақырыбы классикалық шығармаларды өзіндік тұрғыдан жаңаша интерпретациялау болды. РЛ-32 тобының білім алушылары А.С. Пушкиннің әйгілі шығармасының желісі бойынша «Өлі ханшайым мен жеті... филолог туралы ертегі» атты театрландырылған қойылым ұсынды. Білім алушылардың режиссері әрі тәлімгері – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Дашковская Е.В.
Іс-шараның негізгі мақсаты – болашақ педагог-филологтардың шығармашылық және кәсіби әлеуетін ашу, актерлік шеберліктерін дамыту, жастардың жарқын әрі инновациялық бастамаларын қолдау, сондай-ақ филологияның жанды, қызықты әрі креативті ғылым екенін көрсету.
Сценарий, декорациялар, музыкалық сүйемелдеу мен актерлік шеберлік – барлығы білім алушылардың өз күштерімен дайындалды. Олар филология әлемін ішкі қырынан таныстырып, өздеріне ғана түсінікті әзілдерді, аударма қиындықтарын, сынақ тапсыру кезіндегі қызықты сәттерді және ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін көрермендермен бөлісті.


