АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 10 Қараша 2026 12:30

Бухгалтер күніне арналған зияткерлік-ойын-сауық викторинасы

            2026 жылғы 10 қарашада Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Бухгалтер күніне арналған зияткерлік-ойын-сауық викторинасы өткізілді. Іс-шараға ПВ-32 тобының білім алушылары қатысты. Викторинаны ұйымдастырушы – «Есеп және аудит» мамандығының оқытушысы Гирьева А.Д.

            Викторина бағдарламасы кәсіби білімді тексеруге, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық әлеуетті және командалық өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған алты қызықты кезеңнен тұрды.

            Іс-шара барысында қатысушылар өз командаларының визиттік карточкаларын таныстырып, бухгалтерлік есеп және құқықтану салаларындағы білімдерін көрсетті. Кәсіби терминдерді сәйкестендіруге арналған тапсырмаларды орындап, экономика саласы бойынша зияткерлік сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, бухгалтерлік қызметке қатысты сұрақтарға әзіл-қалжыңмен жауап беру сайысында өздерінің тапқырлығы мен әзіл сезімін танытты.