2026 жылғы 5 қараша күні 2026-2027 оқу жылының «Сұңқар» универсиадасы бағдарламасы аясында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары арасында дойбы ойыны бойынша Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің командасы жүлделі 1 орынды иеленді.
Жеке есепте білім алушыларымыз да жоғары нәтиже көрсетті:
- 1-орын – Гармаш Алёна, ЧС-22А тобының білім алушысы;
- 3-орын – Антонец Алина, РЛ-32 тобының білім алушысы;
- 3-орын – Губа Виктор, ЧС-32Б тобының білім алушысы.
Спортшыларымызды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!


