АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 06 Қараша 2026 05:18

Республикалық педагогикалық конференция

            2026 жылғы 6 қараша күні Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде колледж вице-президенті, педагогика ғылымдарының кандидаты Валерий Павлович Кривошеевтің естелігіне арналған «Адал еңбек – адал азамат: педагогикалық мұра және ұрпақтар сабақтастығы» атты республикалық педагогикалық конференция өтті. Іс-шара Ақмола облысының білім басқармасымен және ТжКОБ дамыту орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды.

            Іс-шараға Ақмола облысы білім басқармасының бөлім басшысы Нажмиден Муратович Нуралин, еңбек ардагері Валерий Георгиевич Гамазов, «Ақмола облысы білім басқармасының ТжКОБ дамыту орталығы» КММ басшысы Нартай Ерназарович Ибраев, ТжКОБ дамыту орталығының өкілдері мен мамандары, Ш.Уәлиханов атындағы университеттің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының өкілдері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары, әлеуметтік серіктестер, сондай-ақ Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің басшылығы, оқытушылары мен білім алушылары қатысты.

            Конференцияның арнайы қонағы Валерий Павловичтің жұбайы Зоя Ивановна Кривошеева болды. Ол іс-шараға қатысушылармен бірге Валерий Павловичтің жарқын бейнесіне тағзым етіп, оның педагогикалық мұрасын ұлықтады.

            Конференция барысында қатысушылар педагогикалық мұраның маңыздылығын, озық білім беру дәстүрлерін сақтау, тәлімгерлікті дамыту және ұрпақтар сабақтастығын нығайту мәселелерін, сондай-ақ білім беру үдерісін жетілдірудің, білім беруді цифрлық трансформациялаудың және жасанды интеллект технологияларын енгізудің заманауи тәсілдерін талқылады.