АҚЖКК Азаматтық қорғаныс кафедрасында «Өрт тактикасы» пәні бойынша өрт-тактикалық міндеттерді шешуге арналған ашық сабақ өткізілді.
Іс-шараға Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің өкілдері, колледж оқытушылары және білім алушылары қатысты.
Сабақ барысында қатысушылар өрт-тактикалық міндеттерді шешу ерекшеліктерімен, теориялық білімді тәжірибеде қолдану жолдарымен және өрттің негізгі даму параметрлерін есептеу әдістерімен танысты.
Мұндай сабақтарды өткізу білім алушылардың кәсіби даярлық сапасын арттыруға, практикалық дағдыларын дамытуға және педагогикалық тәжірибе алмасуға жақсы ықпал етеді.


