АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 05 Қараша 2026 12:29

Практикалық дайындық

            Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің оқу-өрт сөндіру бөлімінің базасында дуалды оқыту жүйесі аясында екінші курс білім алушылары практикалық дайындықтан өтуде.

            Таныстыру тәжірибесі барысында білім алушылар өрт сөндіру-құтқару бөлімшелерінің қызмет ерекшеліктерін, қызметті ұйымдастыру тәртібін, өрт-техникалық жарақтар мен жабдықтарды қолдану ерекшеліктерін, сондай-ақ бөлімшелер қызметінің негізгі бағыттарын зерделейді. 

            Оқытудың бұл нысаны болашақ мамандардың құнды практикалық тәжірибе жинақтауына, кәсіби құзыреттерін дамытуына және нақты кәсіби қызмет жағдайында қызметтік міндеттерді тиімді орындауға дайын болуына ықпал етеді.