АҚЖКК Азаматтық қорғаныс кафедрасында күн сайын білім алушылардың дәстүрлі таңғы саптық жиыны өткізіледі.
Саптық жиын барысында білім алушылардың сабаққа қатысуы, сыртқы келбеті және оқу күнін бастауға дайындығы мұқият тексеріледі. Болашақ мамандардың бойында жауапкершілік, ұйымшылдық және тәртіптілік қасиеттерін қалыптастыруға ерекше назар аударылады.
Тәртіпті қатаң сақтау – кафедраның тәрбие және білім беру жұмысының негізгі қағидаттарының бірі. Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі білім алушыларға қажетті кәсіби білім беріп қана қоймай, олардың бойында азаматтық жауапкершілік сезімін, отансүйгіштік қасиеттерді, қоғамдық құндылықтарға құрметпен қарауды және өз еліне адал қызмет етуге деген ұмтылысты қалыптастыруды да басты міндеттерінің бірі деп санайды.


