АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 02 Қараша 2026 05:33

«Smart Eco Fire» зияткерлік турнирі

            2026 жылғы 28 қазанда ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында Көкшетау қаласының білім беру ұйымдары арасында «Smart Eco Fire» зияткерлік турнирі өтті.

            Турнирге қаланың үздік командалары қатысты. Қатысушылар өрт қауіпсіздігі, экология және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар саласындағы білімдерін көрсетті.

            Турнир қорытындысы бойынша Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің командасы «Үздік командалық жұмыс» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды!

            Турнир ұйымдастырушыларына және Академияға тамаша алаң мен тәжірибе алмасу мүмкіндігі үшін алғыс білдіреміз!