2026 жылғы 29-30 қазан аралығында университеттер мен колледждер арасында өткен «Qazaqstan Student League» республикалық лигасында Ақмола облысының намысын қорғаған Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің құрама командасы жоғары нәтиже көрсетіп, 1 орынға ие болды.
Бұл жеңіс – спортшыларымыздың қажырлы еңбегі, табандылығы, командалық рухы мен жеңіске деген жігерінің жемісі.
Жоғары нәтиженің арқасында құрама командамыз Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.
Колледжіміздің және Ақмола облысының намысын абыроймен қорғаған спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!


