2026 жылғы 29 қазанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының білім алушылары арасында «Тәрбиеші – менің өмірлік таңдауым» атты байқауы өтті. Іс-шараны Педагогикалық пәндер кафедрасы, Педагогикалық шеберлік құзыреттілік орталығы және арнайы пәндер оқытушылары Перешивкина А. Ф. және Кинжалинова В.Е. ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашу, кәсіби құзыреттерін дамыту, болашақ мамандығына деген қызығушылығын қалыптастыру және педагогикалық шеберлігін арттыру.
Байқау барысында қатысушылар өз білімдерін, шығармашылық қабілеттерін, әртістік шеберліктерін, креативтілігін және командада жұмыс істеу дағдыларын тамаша көрсете білді.
Байқау қорытындысы бойынша орындар төмендегідей бөлінді:
- 1-орын – ДОВ-12С тобы;
- 2-орын – ДОВ-32С тобы;
- 3-орын – ДОВ-22С және ДОВ-42С топтары.
Іс-шараны Педагогикалық шеберлік құзыреттілік орталығы және арнайы пәндер оқытушылары Перешивкина А.Ф. және Кинжалинова В.Е. ұйымдастырды.
Байқау жеңімпаздары мен барлық қатысушыларды құттықтаймыз!


