2026-2027 оқу жылының «Сұңқар» универсиадасы бағдарламасы аясында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары арасында тоғызқұмалақ спорт түрінен Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің білім алушылары жүлделі 1 орынды иеленді.
Сонымен қатар, жеке есеп бойынша үздік нәтиже көрсеткен білім алушыларды құттықтаймыз:
- Батенова Шолпан — ПМНО-32А тобы, 1 орын;
- Ашимов Шерхан — ЧС-42А тобы, 2 орын;
- Рапыкова Даяна — РЛ-32 тобы, 2 орын.
Бұл жеңіс — білім алушылардың табандылығының, зеректігінің, логикалық ойлау қабілетінің және үздіксіз еңбегінің жемісі.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете беріңіздер!


