АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 28 Қазан 2026 10:36

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

            2026 жылғы 28 қазанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауымен танысу мақсатында тікелей эфирдегі сөзін ұжым болып бірлесіп көру ұйымдастырылды.

            Тікелей эфирді көруге колледж президенті Қасым Ш.Ж., директор Тураров С.Ж., директордың орынбасарлары, оқытушылар мен колледж білім алушылары қатысты.

            Қатысушылар Мемлекет басшысының Жолдауының негізгі ережелерімен, ел дамуының басты бағыттарымен және Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған басым міндеттермен танысты.

            Бірлескен көру оқытушылар мен білім алушыларға Қазақстанның даму жоспарлары мен перспективалары туралы өзекті ақпарат алуға, сондай-ақ алға қойылған міндеттердің қоғам мен жас ұрпақтың болашағы үшін маңызын түсінуге мүмкіндік берді.