АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 22 Қазан 2026 10:20

Республикалық педагогикалық конференциясы

            Кривошеев Валерий Павлович (4.03.1949 - 26.08.2021) - дарынды педагог, Қазақ КСР ағарту ісінің үздігі, педагогика ғылымдарының кандидаты.

            Валерий Павлович Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосты. Ол 2004 жылы колледж құрылған сәттен бастап оның ажырамас бөлігіне айналып, өзін педагогикалық қызметке, білім беруді дамытуға және болашақ мамандарды тәрбиелеуге арнады. Оның кәсібилігі, өз ісіне деген адалдығы мен бай педагогикалық тәжірибесі колледж тарихында елеулі із қалдырып, әріптестері мен оқытушылардың кейінгі буындарына үлгі болды.

            ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

            Сіздерді педагогика ғылымдарының кандидаты, АҚЖКК вице-президенті Кривошеев Валерий Павловичтің жарқын рухына арналған «Адал еңбек – адал азамат: педагогикалық мұра және ұрпақтар сабақтастығы» атты Ақмола облысының білім басқармасымен және Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді дамыту орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған Республикалық педагогикалық конференциясына қатысуға шақырамыз.

            Қатысуларыңызды алдын ала төмендегі телефон нөмірі арқылы растауларыңызды сұраймыз: +7 775-452-22-13