АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 23 Қазан 2026 09:59

«Қазақ тілі білгіштері» атты зияткерлік сайыс

            2026 жылғы 21 қазанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде дәстүрлі «Қазақ тілі білгіштері» атты зияткерлік сайыс өтті. 

            Сайысқа «Бес Асыл» және «Сұңқар» атты екі команда қатысты. Қатысушылар қазақ тілін меңгеру деңгейлерін, эрудициясын, тапқырлығын және тілдік құзыреттерін жетілдіруге деген ұмтылысын тамаша көрсетті.

            Сайыс қорытындысы бойынша «Сұңқар» командасы жеңіске жетті.

            Іс-шара мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылықты арттыруға, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ қазақ тілі мен ұлттық құндылықтарға деген құрметті нығайтуға тамаша мүмкіндік болды.