«Адал еңбек - адал азамат» қағидаттарын іске асыру аясында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің 1-курс білім алушыларымен алаяқтық пен киберқылмыстың алдын алуға арналған профилактикалық кездесу өтті.
Іс-шараға Ақмола облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты «№ 6 мекеме» РММ сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің аға инспекторы, әділет майоры Досанова Мадина Ериковна, аталған бөлімнің жасақ бастығы, әділет капитаны Толешов Иззат Алибекович, сондай-ақ Көкшетау қаласы прокуроры, 2-сыныпты заңгер Ашенов-Муханов Ануар Сабыржанович қатысты.
Кездесу барысында прокурор білім алушыларға алаяқтық пен киберқылмыс жасағаны үшін жауапкершілікті түсіндіріп, құқыққа қайшы әрекеттердің ықтимал салдары және заңнаманы сақтаудың маңыздылығы туралы айтып берді.


