АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 23 Қазан 2026 09:39

Республика күніне арналған салтанатты іс-шара

            2026 жылғы 23 қазанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Қазақстан Республикасының ең маңызды мерекелерінің бірі - Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараны колледждің тәрбие бөлімі ұйымдастырды.

            Мерекелік іс-шара аясында би қойылымдары ұсынылып, хордың орындауында әндер шырқалды. Сонымен қатар кураторлар Қазақстанның тарихына, тәуелсіздігіне және ұлттық құндылықтарына арналған әдеби монтаж дайындады. Іс-шараның ерекше жарқын әрі есте қаларлық сәті білім алушыларды Отанға деген сүйіспеншілік пен өз еліне деген мақтаныш сезіміне біріктірген патриоттық флешмоб болды.

            Іс-шара Республика күнінің маңыздылығын, ұлттық дәстүрлерді сақтаудың және жас ұрпақты отансүйгіштік, азаматтық жауапкершілік пен туған Қазақстанның тарихына құрмет рухында тәрбиелеудің маңызын тағы бір мәрте айқындады.

            Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі баршаңызды Қазақстан Республикасы күнімен шын жүректен құттықтайды!