2026 жылғы 22 қазанда Қазақстан Республикасы күні қарсаңында АҚЖКК Азаматтық қорғаныс кафедрасында «Менің елім - Қазақстан!» атты мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шара барысында домбырашылар ансамблі өнер көрсетіп, патриоттық әндер шырқалып, жүрек тебірентер өлеңдер оқылды. Танымдық викторина қатысушыларға туған ел туралы білімдерін тексеруге мүмкіндік берді. Мерекенің шарықтау шегі білім алушылар мен оқытушылардың «Атамекен» әнін бірге орындауы болды. Бұл сәт барша қатысушыны Отанға деген мақтаныш сезімімен біріктірді.
Іс-шараға барлық курс білім алушылары белсенді қатысты. Әсіресе, бірінші курстың ЧС-12С, ПБ-12С және ТЖ-11С топтарының, сондай-ақ төртінші курстың ӨҚ-41Б тобының білім алушылары ерекше көзге түсіп, шығармашылық қабілеттері мен ынта-жігерін танытып, жарқын өнер көрсетті. Бірінші курс топтарының кураторлары - Михайлова С.Н., Михайлов С.Ю. және Берденов Д.Ж., ал ӨҚ-41Б тобының кураторы - Мусин Ж.Т.
Білім алушылар мен кураторлардың бірлескен күш-жігерінің арқасында мереке бірлік, отансүйгіштік және туған Қазақстанға деген сүйіспеншілік рухында өтті.


