2026 жылғы 12-16 қазан аралығында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Еңбегі адал – жас өрен» жобасын іске асыру аясында күзгі қолөнер бұйымдарының шығармашылық байқауы өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар – Корнева О.С. және Перешивкина А.Ф.
Білім алушылар табиғи материалдардан жасалған бірегей қолөнер бұйымдарын ұсынып, оларда күзгі табиғаттың сұлулығын бейнеледі. Сонымен қатар өздерінің қиялын, көркемдік талғамын және шығармашылық бастамашылдығын көрсетті.
Байқау білім алушылар үшін өз дарындарын танытуға, шығармашылық әлеуеттерін ашуға және күздің қарапайым сыйларынан нағыз өнер туындыларын жасауға болатынын көрсетуге тамаша мүмкіндік болды. Мұндай іс-шаралар табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға, еңбекқорлықты, бастамашылдықты және өз еңбегінің нәтижесіне құрметпен қарауды дамытуға ықпал етеді.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
- 1 орын – ПМНО-12С, А; ПМНО-12С, Б; ПМНО-22; ПМНО-32А топтары;
- 2 орын – ИН-11; ИН-22; ПМНО-32Б топтары;
- 3 орын – ДОВ-12С; РЛ-32; ДОВ-32С; ДОВ-22С топтары.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!


