2026 жылғы 19 қазанда АҚЖКК Азаматтық қорғаныс кафедрасында Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараның басты оқиғасы 1 және 2-курс білім алушыларының Құтқарушы Антын қабылдауы болды. Бұл – болашақ мамандыққа бастар жолдағы маңызды қадам, қоғамға қызмет етуге, батылдық танытуға және адамдардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік алуға дайындықтың белгісі.
Білім алушыларды осы айтулы оқиғамен құттықтаймыз! Құтқарушы Анты батылдықтың, жауапкершіліктің және таңдаған іске адалдықтың нышанына айналсын!


