2026 жылғы 7-9 қазан аралығында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары арасында үстел теннисінен қалалық «Сұңқар» спартакиадасы өтті.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің құрама командасы жоғары дайындық деңгейін, командалық рух пен жеңіске деген жігерін көрсетіп, жалпыкомандалық есепте 1 орынға ие болды.
Команда құрамында келесі білім алушылар өнер көрсетті:
- Какымбек Дәурен, ТЖ-1-26 тобының білім алушысы;
- Таукелов Амир, ТЖ-41Б тобының білім алушысы;
- Балтабаева Назира, ФК-32С тобының білім алушысы;
- Бағдат Әнел, БМ-41 тобының білім алушысы.
Спортшыларымызды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!


