АҚЖКК Азаматтық қорғаныс кафедрасында білім алушыларға арналған «Жастарға төнетін киберқауіптер: дропперлік, онлайн-бопсалау және ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жасалатын қылмыстар үшін жауапкершілік» тақырыбында профилактикалық кездесу өткізілді.
Іс-шараға Көкшетау қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері қатысты:
- Көкшетау қаласы ПБ ЖКБ аға жедел уәкілі, полиция капитаны Бажиров Тимур Калиханович;
- Көкшетау қаласы ПБ Ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары, полиция капитандары Сабирова А.Г. және Айтпаев Олжас.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, киберқылмыстардың алдын алу және интернет кеңістігінде жауапты мінез-құлық қалыптастыру.
Кездесу барысында полиция қызметкерлері білім алушыларға дропперліктің, онлайн-бопсалаудың және интернет-алаяқтықтың қауіптілігі туралы түсіндірді. Сондай-ақ банк карталары мен шоттарын бөгде адамдарға берудің, заңсыз қаржылық схемаларға қатысудың ықтимал құқықтық салдарына ерекше назар аударылды.
Іс-шара аясында тақырыптық фильм көрсетіліп, жастардың интернет кеңістігінде кездесуі мүмкін қауіптер мен олардың алдын алу жолдары көрнекі түрде түсіндірілді. Білім алушыларға жеке деректерді қорғау, интернетті қауіпсіз пайдалану және онлайн-қорқыту немесе бопсалау жағдайларында тиісті органдарға жүгіну жөнінде ұсыныстар берілді.


