АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 15 Қазан 2026 12:18

Семинар-тренинг

            Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Конструктивті диалог өнері: білім беру ортасындағы медиация» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Іс-шараға колледж әкімшілігі мен оқытушылар қатысты.

            Семинардың мақсаты – қатысушылардың конструктивті қарым-қатынас жасау, жанжалдардың алдын алу және оларды шешу саласындағы құзыреттерін арттыру, сондай-ақ білім беру ортасында тиімді өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту.

            Іс-шара аясында Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ бөлімінің басшысы Жандос Шарипов «Заң және тәртіп» қағидатын түсіндіру шеңберінде «Елдесу және татуласу» тақырыбында құттықтау сөз сөйледі.

            Оқытушылар әрі кәсіби медиаторлар Самал Ильясова, Самал Ибраевна мен Гульнар Сериковна конструктивті диалог өнеріне, медиация әдістеріне және жанжалдарды реттеудің тиімді тәсілдеріне арналған тақырыптық баяндамалар жасап, практикалық тренингтер өткізді.

            Қатысушылар диалог мәдениетін, өзара түсіністік пен бір-біріне деген құрметті қалыптастыруға ықпал ететін практикалық білім мен құралдарды меңгерді. Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, сертификаттар табысталды.