Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде екінші курс білім алушыларымен өмірге деген құндылықты көзқарасын қалыптастыруға, күйзеліске төзімділігін арттыруға, қиын өмірлік жағдайларды еңсеру дағдыларын дамытуға және дер кезінде көмекке жүгінуіне бағытталған диалог алаңы өткізілді.
Іс-шараға Көкшетау қаласы Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары, полиция капитандары Олжас Маратұлы Айтпаев пен Әсемгүл Габитовна Сабирова қатысты.
Кездесу барысында полиция қызметкерлері білім алушыларға қиын жағдайларда көмек сұраудың маңыздылығын түсіндіріп, қажет болған жағдайда хабарласуға болатын байланыс нөмірлерін ұсынды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының әкімшілік және қылмыстық заңнамасының жекелеген нормалары түсіндіріліп, құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік мәселелері қарастырылды.
Осындай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және қиын жағдайларда дер кезінде көмекке жүгінуіне ықпал етеді.


