АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 12 Қазан 2026 11:01

Пікірсайыс

            Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Ұшқыр ой алаңы» жобасын жүзеге асыру аясында «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» тақырыбында пікірсайыс өтті.

            Іс-шараның басты мақсаты – білім алушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, шешендік өнерін шыңдау, өз пікірін еркін жеткізуге және дәлелді түрде қорғауға үйрету.

            Пікірсайыс барысында қатысушылар өз білімдерін көрсетіп, ұтымды дәлелдер келтіріп, қарсы тараптың пікіріне құрметпен қарау мәдениетін танытты. Сонымен қатар, студенттер өз ойларымен бөлісіп, түрлі көзқарастарды талқылау арқылы білім мен логикалық ойлаудың маңыздылығын көрсетті.

            «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген халық даналығы адамның шынайы күші тек білекте емес, білімде, ақылда және терең ойда екенін айқындайды.

            Осындай тағылымды іс-шаралар жастардың интеллектуалдық әлеуетін арттырып, белсенді, білімді әрі жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.