2026 жылғы 8 қазанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясы – колледж аумағын тазалау жұмыстары ұйымдастырылды.
Акция «Еңбегі адал – жас» жобасын іске асыру аясында өткізіліп, білім алушылардың қоршаған ортаға ұқыпты қарауын, тазалық пен тәртіпті сақтауға деген жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ адал әрі пайдалы еңбекке құрметпен қарауға бағытталды.
Акцияны ұйымдастыруға және өткізуге жауапты тұлғалар – Мускина Б.Ж. және Еслям Ж.М.
Акция барысында білім алушылар кураторлар мен оқытушылардың жетекшілігімен колледж аумағын тазалау жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, аумақтағы қоқыстар жиналып, айнала тазаланып, колледждің көркейіп, абаттануына өз үлестерін қосты.
Іс-шара барысында білім алушылар белсенділік, ұйымшылдық және жауапкершілік танытып, табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын көрсетті.
«Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясы колледж аумағын абаттандырумен қатар, жастардың экологиялық мәдениетін, еңбекқорлығын, жауапкершілігін және туған жерге деген қамқорлық сезімін қалыптастыруға бағытталған маңызды тәрбиелік іс-шара болды.


