АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 07 Қазан 2026 09:33

Құттықтаймыз!

            2026 жылғы 18-27 қыркүйек аралығында Италияның Лидо-ди-Езоло қаласында жасөспірімдер мен юниорлар арасында кикбоксингтен әлем чемпионаты өтті.

            Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің ФК-32А тобының білім алушысы Максим Алексеев шеберліктің жоғары деңгейін көрсетіп, алтын медальді жеңіп алып, әлем чемпионы атанды. Спортшы жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін де орындады.

            Жеңіске жету жолында Максим үш жекпе-жек өткізіп, Украина, Польша және Швейцария спортшыларымен кездесті. Польша спортшысына қарсы жекпе-жек ерекше әсерлі өтіп, Максим қарсыласын бірінші раундта нокаутпен жеңді.

            Білім алушымызды айтулы жетістігімен құттықтаймыз! Оған жаңа жеңістер, зор жетістіктер және халықаралық аренада толағай табыстар тілейміз!