2026 жылғы 1 қазанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Қарттар айлығы басталды.
Айлық аясында еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлерге және колледжімізге бекітілген мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше көңіл бөлінеді.
Айлықтың алғашқы күнінде «Жайнар» волонтерлік қозғалысының мүшелері мен «Жастар Рухы» белсенділері директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шайхина Гульжанар Жаксылыковнамен бірге қамқорлықтағы адамдардың үйлеріне барып, оларға азық-түлік себеттерін және шағын сыйлықтар табыс етті.
Ай бойы колледж білім алушылары ардагерлер мен зейнеткерлердің үйлеріне барып, қолдарынан келгенше шаруасына көмектесіп, тұрмыстық мәселелерін шешуге жәрдемдеседі, олармен әңгімелесіп, өздерінің ықыласы мен жылуын сыйлайды.
Бұл іс-шара жай ғана акция емес, жастардың бойында аға буынға деген құрметті, мейірімділікті, қамқорлық пен жауапкершілікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.


