АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 05 Қазан 2026 05:10

Салтанатты іс-шара

            2026 жылғы 2 қазанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Мұғалімдер күні мен Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

            Мерекелік іс-шара «Адал азамат – Адал еңбек» тәрбие тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылып, оқытушы еңбегіне, кәсібилікке және өз ісіне деген адалдыққа құрмет көрсетудің мерекесіне айналды.

            Кураторлар Ибраева Г.Е., Усина С.С., Айдаркулова Г.К., Жадрина Н.К. және Қажыбай А.С. білім алушылармен бірлесіп мерекелік бағдарлама мен шығармашылық қойылымдар дайындап, мерекеге жылы әрі салтанатты көңіл-күй сыйлады.

            Бұл күні колледж оқытушыларына, басшылығына және барша ұжымына көп жылғы еңбегі, кәсібилігі, колледждің дамуына және жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін шынайы алғыс сөздер айтылды.

            Салтанатты іс-шара барысында колледж Президенті Қасым Ш.Ж. атынан қызметкерлерге адал еңбегі, кәсібилігі және колледждің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс хаттар табысталды.

            Мұғалімдер күні мен ТжКОБ қызметкерлері күнін мерекелеу аясында Қасым Ж.Ж. колледж қызметкерлеріне кәсіби еңбегін, адал жұмысын және колледждің дамуына қосқан үлесін мойындау белгісі ретінде сыйлықақылар табыстады.

            Сонымен қатар Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің кәсіподақ ұйымының белсенді мүшелері де марапатталып, ынталандырылды.