2026 жылғы 2 қазанда техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары арасында «Сұңқар» қалалық спартакиадасы өтті.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің «Асық ату» бойынша құрама командасы жоғары дайындық деңгейін және сенімді ойын көрсетіп, I жүлделі орынға ие болды.
Команда құрамында келесі білім алушылар өнер көрсетті:
- Рахымбек Темірхан, ӨҚ-41А тобының білім алушысы;
- Жанбурин Асылхан, ӨҚ-31С тобының білім алушысы;
- Жаңылысбек Мейірхан, ӨҚ-21Б тобының білім алушысы;
- Пернебек Бекнұр, ӨҚ-21Б тобының білім алушысы.
Команданы Уалиден Нуржан Мухитулы және Қайыржан Айгерім Тұйғынқызы жаттықтырды.
Спортшыларымыз бен жаттықтырушыларымызды лайықты жеңісімен құттықтаймыз!


