АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 01 Қазан 2026 04:36

Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шара

            2026 жылғы 1 қазанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шара өтті.

            Колледж ардагерлері мен зейнеткерлері үшін білім алушылар музыкалық және шығармашылық қойылымдардан тұратын мерекелік концерт дайындады. Бұл күні колледжіміздің дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқан жандарға шынайы құттықтаулар айтылып, алғыс пен құрмет білдірілді.

            Білім алушылар колледждің барлық зейнеткерлері мен ардагерлерін құттықтап, оларға зор денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тіледі.

            Құрметті ардагерлеріміз бен зейнеткерлерімізге көп жылғы еңбегі, мол даналығы және туған колледжге деген адалдығы үшін алғысымызды білдіреміз!